420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Юрий Ильин депутаттардың сұрақтарына жауап берді

  • 90
  • UPD: 14:50, 11.09.2020
Юрий Ильин депутаттардың сұрақтарына жауап берді

Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрінің кандидатурасы келісілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңға сәйкес Юрий Ильиннің кандидатурасы кеңес алу үшін Мәжілістің бейінді комитетінің мүшелеріне ұсынылды. Ағымдағы сессияда Мәжілісте енгізілген министрлерді келісудің жаңа нысанына сәйкес Юрий Ильин депутаттардың сұрақтарына жауап беріп, өзінің жұмысын ұйымдастыру туралы ой-пікірін жеткізді.

Атап айтқанда, депутаттар «Казавиаспас» қызметі, ТЖ туралы ескертудің дәйектілігін арттыру, белсенді шараларды әзірлеу, өндірістік, мұнай, жарылу қаупі жоғары кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелерін көтерді.

Хабар 24 телеарнасы