421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зайсанда 50 орындық провизорлық стационар ашылды

  • 127
  • UPD: 13:51, 11.09.2020
Зайсанда 50 орындық провизорлық стационар ашылды

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында қараусыз қалған ғимаратта уақытша провизорлық аурухана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инженерлік желілерді, терезелер мен үй-жайларды жөндеуге 40 млн теңге жұмсалды. Емдеу мекемесі 50 орындық. Бұл коронавирус эпидемиясының екінші толқынына дайындық. Және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жергілікті меценат мекемеге 23 оттегі концентратын сыйға тартты.

Хабар 24 телеарнасы