426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қармақшы ауданында тойханаға адам жинап, қыз ұзатқандар анықталды

  • 141
  • UPD: 14:56, 11.09.2020
Қармақшы ауданында тойханаға адам жинап, қыз ұзатқандар анықталды

Қызылорда облысында той ұйымдастырғандар жауапқа тартылуда, деп хабарлады Polisia.kz.

10 қыркүйек сағат 22:10 шамасында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің және Байқоңыр қалалық прокуратурасының қызметкерлері бірлескен жоспарға сәйкес «Учаске» жедел профилактикалық шарасы аясында Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі тойханада адамдар жиналып, Қызылорда облыстық бас санитарлық дәрігерінің №20 қаулысының, санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы заңнама талаптарын бұзып қыз ұзату тойының өткізіліп жатқанын анықтаған.

Аталған факті бойынша жинақталған құжаттар түпкілікті шешім қабылдауға Қармақшы аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.

Хабар 24 телеарнасы