431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус статистикасы енді симптомды және симптомсыз болып бөлінбейді

  • 218
  • UPD: 16:03, 11.09.2020
Коронавирус статистикасы енді симптомды және симптомсыз болып бөлінбейді

Қазақстанда коронавирус статистикасы енді симптомды және симптомсыз болып бөлініп жарияланбайды.

«Тамыз-қыркүйек айларында симптомды және симптомсыз коронавируспен ауыру статистикасы біріктірілген болатын. Мұндай тәжірбие болжамдар жасайтын және медицинаның мүмкіншілігін есептейтін сарапшылар үшін ғана тиімді екеніне көзіміз жетті. Қоғамда сандарды шатастырып, түсінбейтін тұстар көбейіп кетті. Сондықтан күн сайын жарияланатын мәліметтерді екіге бөліп беруді тоқтаттық. Егер ақпарат құралдары статистикалық деректерді ажыратып беруді сұраса, сұраухат арқылы ақпарат беруге әзірміз», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде.

Хабар 24 телеарнасы