421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас қалада ерекше балаларды оңалту орталықтарының саны артты

  • 137
  • UPD: 17:41, 11.09.2020
Бас қалада ерекше балаларды оңалту орталықтарының саны артты Елорда әкімдігі

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірқатар мәселе көтеріліп, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға жасалып жатқан жағдай да айтылды.

«Бүгінде бас қалада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі артты: түрлі ауытқулары бар тәрбиеленушілерге арналған 45 түзету тобы жұмыс істейді, он балабақшада алғаш рет аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған арнайы топтар құрылды, балабақшалар мен шағын орталықтарда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері және т.б. ашылады», ­– делінген елорда әкімдігі таратқан мәліметте.

Сонымен қатар Тұңғыш Президент-Елбасы қорының бастамасымен мектептер базасында инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Биылғы жазда екі оңалту орталығы: біріншісі аутизм диагнозы бар балаларды оңалтуға арналған орталық,Б.Өтемұратов қорымен бірлесіп іске асырылса, екіншісі – № 1 көпсалалы балалар ауруханасы базасында ашылды. Орталық БЦП диагнозы бар балаларға арналған.

Ал жылдың соңына дейін көру қабілеті төмен балаларға арналған балабақша, иппотерапиямен айналысуға арналған жабық ат спорты манежі салынып, пайдалануға беріледі.

Әкім жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында Оңалту орталықтары, шағын орталықтар, медициналық орталықтар ашылатындығынан хабардар етті. Бассейн де ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді болатынын тілге тиек етті. Инватакси саны екі есе өсіп, бұл бағытта жұмыс әрі қарай да жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы