420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте коронавирус жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ

  • 120
  • UPD: 17:51, 11.09.2020
Шымкентте коронавирус жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ

Соңғы тәулікте Шымкентте коронавирус жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында бір-бір жағдайдан анықталған. Аталған мәліметті Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте жариялады.

Бұл індетке байланысты ахуалдың біршама тұрақталғанын аңғартады. Алайда, індетті жеңіп шықтық дегенді білдірмейді. Сондықтан респираторлық инфекциялар өршитін күз, қыс мезгілдерінде жағдайды ушықтырып алмас үшін профилактикалық шаралар биыл ертерек қолға алынады.

Маусымдық вирустарға қарсы вакцинациялау қыркүйектің 15-інен басталады. Созылмалы дертке шалдығып, жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер, қариялар мен медицина қызметкерлері вакцинаны тегін алады.

Бұл санатқа жатпайтын азаматтар вакцинаны ақылы түрде ектіре алады.

Хабар 24 телеарнасы