428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТЖ: 30 мыңға жуық шымкенттіктің коммуналдық шығыны өтеледі

  • 153
  • UPD: 17:39, 11.09.2020
ТЖ: 30 мыңға жуық шымкенттіктің коммуналдық шығыны өтеледі camonitor.kz

Шымкентте төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеу туралы 28 236 азаматтың өтінімі мақұлданған.

Осы мақсатта арнайы Call-орталық та ашылған. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мамандарының айтуынша, аталған орталыққа 35 мыңға жуық адам  қоңырау шалып, ақпараттық кеңес алған.

«Төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру қызметіне сәйкес мамыр-маусым айындағы жоспарланған 527 миллион теңге толығымен игеріліп, 17 566 тұрғынның дербес есепшоттарына аударылған. Бұл бөлінген қаражаттар азаматтарға коммуналды қызмет беруші мекеме тарапынан берілген түбіртектерде маусым-шілде айларында көрінеді», – делінген қалалық әкімдік баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Сонымен қатар қыркүйек айының соңына дейін 10 670 абонент бойынша коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге 320,1 миллион тенге аударылады.

Коммуналдық мекеме қызметкерлері аударылған төлемдерді абоненттердің дербес шотына жеке-жеке жіберетін болғандықтан, түбіртектегі ақпараттар жеке шоттарда  есептелгеннен кейін ғана көрінетін болады. 

Әкімдік мәліметінше, биыл 21 сәуір-25 маусым аралығында communal-komek.kz ақпараттық жүйесіне 34 171 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 1,2,3-топтағы мүгедектер – 10 858; ҰОС мегедектері мен қатысушылары – 800; мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар – 1680; көпбалалы отбасылар – 12080; ең төменгі және аз зейнетақы алатын, жалғызбасты зейнеткерлер – 4842; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, құқық тәртібін қорғау, әскери қызметін орындау кезінде қайтыс болған адамдардың отбасылары – 83, атаулы әлеуметтік көмек алатындар – 3828.

Хабар 24 телеарнасы