420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тобыл өзені тартылып барады

  • 90
  • UPD: 19:56, 11.09.2020

Мамандар бұл жағдайды табиғаттың тосын мінезімен түсіндіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы жылдары жазда жауын-шашын аз түсіп, қыста аяздың бәсеңсіп бара жатқаны байқалады. Ал қатып үлгермеген тіршілік нәрі жер астына сіңіп жатыр. Қазір облыстағы Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймасы жартылай бос.

Әдетте аймақ су қорын көрші Ресейден қабылдап толтырып алатын. Өкінішке қарай, Челябі, Орынбор облыстары да осындай су дағдарысын кешіп отыр. Жазғы құрғақшылықтан трансшекаралық өзендер тартылып қалған. Сондықтан Ресей тарабы Қазақстан аумағына мол көлемде су жіберуге ынталы емес.

Сергей Мукашев, Тобыл – Торғай бассейндік инспекциясының бөлім басшысы міндетін атқарушы:

– Көктемде екі гидротехникалық нысан 96 млн текше метрді құрайтын тасқын суға толған. Ал былтыр су түсімі болған жоқ. Су тапшылығынан аптап ыстықта Тобыл өзенін балдыр басып кететінін байқаймыз. Салдарынан жағымсыз иіс мүңкиді. Өзен тұрақты түрде тазаланғанымен, одан айтарлықтай пайда жоқ.

Хабар 24 телеарнасы