420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада отбасы институтына қатысты дөңгелек үстел өтті

  • 91
  • UPD: 20:21, 11.09.2020
Елордада отбасы институтына қатысты дөңгелек үстел өтті

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйытқы болған дөңгелек үстелде бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ортаның жауапкершілігі туралы қаузалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отбасы күніне орайластырылған онлайн іс-шараға ведомство басшысы Аида Балаева, елге белгілі ақын-жазушылар мен ғалымдар қатысты. Олар қоғам, ата-ана, мектеп арасындағы байланыстың рөліне тоқталып, жастарды тәрбиелеудегі ойларын ортаға салды.

«Мемлекет басшысы Жолдауда ұлт сапасына қатысты келелі мәселелер көтерді. Жас ұрпаққа білім беруде заман талаптарын ұлттық құндылықтармен ұштастырудың маңызы зор», – деді Аида Балаева.

Бүгінде отбасы институтын зерттеумен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға министрлік биыл 6 грант бөлген.

Хабар 24 телеарнасы