420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы ветеринарлық қызмет мекемесінен шу шықты

  • 92
  • UPD: 20:27, 11.09.2020

Жануарларға жылылық сыйлауы тиіс ұжымның өкілдері біздің арна тілшілерімен тілдесуге құлық танытар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселесі қаралып жатқан мекемеде не болып жатыр? Бірнеше күн бұрын «Ветқызмет» мекемесінің айналасында жаға ұстатарлық жайт әлеуметтік желіге тараған-ды. Қазір тиісті органдар мән-жайды анықтап жатыр. Қалалық әкімдікке қарасты «Ветқызметтің» жұмысы жайлы ақпарат жинауға тырыстық. Таппадық. Себебі мекеме басшысынан бастап ол жердегі қызметкерлерге дейін мәлімет беруден бас тартады. Себебі де, салдары беймәлім.

«Ветқызмет мекемесі» қаңғыбас иттер пен мысықтарды уақытша қарау қызметін атқарады. Ол үшін мемлекеттен 70 млн тетг көлемінде бөлінетін қаржыны да алып отыр. Тек еш жерде ол ақшаның есебі жоқ. Ал қалалық Ортаны бақылау және сапа басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов: «Бөлінетін қаржы 3 күзетшісі және 1000 иті бар мекемеге жетпейді», – деп дабыл қақты.

Дәулет Досқұлов, қалалық Ортаны бақылау және сапа басқармасының басшысы:

– Бұл мекеме жұмысына жылына мемлекеттен 70 млн қаржы бөлінеді. Бірақ бұл – өте аз ақша. 3 қызметкері бар. Иттерге алатын арнайы тамақты қосқанда, қаржы жетпей қалады. Біздің елде заң жүзінде жануарларды күтіп-баптауға ақша қарастырылмаған.

Қаржы қайда кеткені анықталар. Енді иттер сақталатын орынды қараңыз.

Біз ақпарат алған дереккөзге сенсек, бұл нысан екі жыл бұрын салынған. Құны – 675 млн теңге. Әкімдік: «Қаңғыбас иттерді осы орынға көшіруі керек», – еді. Ол жұмыс неге жүйелі жүргізілмей жатыр. Осы сұраққа екі күн қатарынан түсірілім тобымен жауап алуға тырыстық. Дегенмен, алған жауап келесідей болды.

«Қазақ ежелден итті жеті қазынаның біріне балаған. Қай жерде болмасын, ердің жанында құмай тазы жүрген. Кең сарай салып итті төрімізге шығармасақ та, оларға тиіспеген абзал», – дейді жануарлар қорғаушылары.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы. Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы