14 жастағы Жанель арнайы грант ұтып алып, өз ісін дөңгелете бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір ол басқа оқушыларды әсіресе көпбалалы отбасылардың балаларын кәсіпке үйретеді. 3 сағатқа созылатын курста жасөспірімдер өзіндеріне қажетті төсек-жабдық пен маска дайындайды. Бүгінге дейін ондаған бала тігін өнерін игерген.
Айта кету керек, курстар тегін жүргізіледі. Жанель: «Жаңа кәсіп пен мектептегі оқу бір-біріне кедергі жасамайды», – дейді. Ол өз болашағын осы саламен байланыстырады.
Жанель Серікова, жобаның жетекшісі:
– Бұл жобаның мақсаты – балалардың өзіне деген сенімін арттыру. Әсіресе карантин кезінде көпбалалы отбасыдан шыққан жеткіншектер ойын сергітсін деген мақсатта осы жобаны қолға алдық.