421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы әуе байланысы жанданды

  • 165
  • UPD: 23:29, 11.09.2020
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы әуе байланысы жанданды

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы әуе байланысы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін жарты жылдық карантиннен кейін алғаш рет Ташкент әуежайына Алматыдан ұшып келген ұшақ келіп қонды. Енді қос қала арасында екі елдің әуе компаниялары қатынайды.

Ұшақтар әзірге аптасына бір рет әр жұма күні ұшады. Қазіргі уақытта бір бағытта ұшу құны 2,5 есе қымбаттағанын айта кету керек. Жергілікті биліктің хабарлауынша, эпидемиологиялық жағдайы нашар мемлекеттерден ұшып келетін жолаушылар коронавирустың жоғын растайтын анықтаманы көрсетуі міндетті.

COVID-19 ПТР-тест нәтижесін өзімен бірге алып келуі тиіс. Эпидемиологиялық ахуалы түзелмеген мемлекеттерді өзбек билігі «қызыл аймаққа» жатқызады. Бірақ кеше өзбек билігі бұл тізімнен Қазақстанды алып тастады.

Равшан Шакиров, қазақстандық әуе компанияның өкілі:

– Жолаушылар ұшып келген бойда ПТР-тест нәтижесін көрсетуі керек. Бірақ сынақ қорытындысының жарамдылық мерзімі 72 сағаттан аспауы тиіс. Сонымен бірге Ташкентке ұшып келген азаматтар өзін-өзі оқшаулауға келісімін беретінін де айтқан жөн. Алайда кеше Өзбекстан Үкіметі жаңа өзгерістер енгізді. Оған сәйкес қыркүйектің 20-сына дейін Қазақстан «сары аймаққа» жатқызылады. Сол себепті Қазақстаннан ұшып келетін жолаушылар үшін талаптар жеңілдейді.

Хабар 24 телеарнасы