420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында маусымдық тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды

  • 112
  • UPD: 09:14, 12.09.2020
Қарағанды облысында маусымдық тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталды

Биыл маусымдық тұмау ерте басталады деген жорамал бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпе балалар, медициналық қызметкерлер мен 60 жастан асқандар, сондай-ақ созылмалы ауыруы бар тұрғындар үшін тегін жүргізіледі. Басқалары өз есебінен вакцина салдыра алады. Қазірдің өзінде 9 мыңға жуық қарағандылық егіліп үлгерген көрінеді. Атап өткен жөн, иммундау 6 айға дейінгі және жүктіліктің үшінші айына дейінгі әйелдерге жүргізілмейді.

Тамара Рафшнайдер, иммунолог:

– Өткір инфекциялық, созылмалы ауруы бар адамдардың дерті асқынған шақта екпе салынбайды. Екпе салдырмақ болған адамнан міндетті түрде дәріге реакция бар-жоғы сұралады. Биылғы салынып жатқан вакцина көршілес Ресейде шығарылған. Әзірге оның сапасына ешкім шағымданған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы