429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

  • 173
  • UPD: 15:26, 12.09.2020
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бұл жолы бас қалаға Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының шаруалары өз өнімдерін әкелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан қаласына 204 тонна көкөніс, 93 тонна ет, 30 тонна шұжық, 13 тонна сүт өнімдері, 22 мың тонна ұн жеткізілді. Бұдан бөлек, кондитерлік тауарлар, жеміс-жидек, жұмыртқа, балық және бал өнімдері де саудаланып жатыр.

Айта кетейік, елордаға жөнелтілген тауардың 300 тоннасы жамбылдық, ал қалған жүз тоннаға жуығы батыс аймақтың өндірушілеріне тиесілі. Хан-Шатыр ойын-сауық орталығының жанында өтіп жатқан жәрмеңке әдеттегідей сенбі күні басталып, жексебіде де жалғасады. 

Хабар 24 телеарнасы