431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы әлеуметтік нысандар 90% қысқа дайын

  • 112
  • UPD: 21:27, 12.09.2020

Шығыстағы әлеуметтік нысандар 90% қысқа дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жеке үйдегі тұрғындардың жартысынан астамы көмір түсіріп үлгерген. Облыстағы жылуға жауапты басқарма қызметкерлері «өңірде биыл жылдағыдай көмірге талас болмайды», деп отыр.

Мұқтаж отбасылардың тізімі жасалып, отын сәл арзан бағада сатылады. Жеткізіп беруде де жеңілдік бар. Аймақтағы атқарушы билік қыстың дайындығын қазанның біріне дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр. Одан соң күн райына сәйкес жылу беріле бастайды.

Өскеменді жылу электр энергиясымен қамтамасыз етіп тұрған негізгі орталық қысқа дайындықты пысықтап жатыр. Биыл 9 қазандықтың төртеуін толық жөндеуден өткізді. Бүгінге дейін қажетті көмірдің көп бөлігін де түсіріп үлгерген.

Тоқтар Ақтайлақов, Жылу электр орталығының техникалық директоры:

- Биыл біз жөндеу жұмыстарына 1 миллиард 700 миллионға жуық теңге жұмсадық. Нәтижесінде 60-70%-і жаңартылды. Қоймаға қажетті көмір қорын да жинап үлгердік. Қазірдің өзінде 120 мың тонна жатыр.

Өңірде көмірді жеке үй тұрғындары көп жағады. Бір қыста 1 миллион 123 мың тоннадан астамы тасымалданады. Бүгінге дейін темір жолдағы қоймаларға қатты отынның 1 миллионнан артық тоннасы жеткізілген. Осы жерден әр аудан, қала өзіне қажет көмірді тасып жатыр. Ал нарықта тоннасы 9600-9800 теңге болса, әлеуметтік көмір 9050 теңгеден босатылады.

Сергей Денякин, әлеуметтік көмір жеткізуші:

- Биыл да әлеуемттік көмір алу жөнінде тамыздың 20-ында арнайы меморандумға қол жеткіздік. Сол келісімге сәйкес 35 мың тонна аламыз. Бұл көмір 7 мың отбасына жетеді. Әлеуметтік көмірдің тиімділігі, нарықтағы бағадан 500 теңгеге болса да, арзан. Жеткізу бойынша да жеңілдік бар.

Жеңілдік бар екенін білсе де, кейбір отбасылар көмір алуға асықпайды. Тек қазан мен қарашаның қара суығы түскенде көмірге талас басталады. Бұл жылда қайталанады. Өйткені вагонмен келген көмірдің көбі ірі жылыту орталықтарына беріледі. Дегенмен, биыл кәсіпорындар да қоймасын ерте толтыра бастаған.

Нұрлан Рамазанов, облыстық ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- ТЭЦ пен қазандықтарда 308 мың тонна көмір жиналған. Немесе ол бір жарым есе керекті қордан көп, деп айтуға болады. Жалпы жөндеу кампаниясы штаттық режимде өтуде. Курчатов, Аягөз, Абай, Алтай аудандарында орталықтандырылған қазандықтарда жөндеу жұмыстары жасалып жатыр.

Қыркүйекке дейін жөндеу жасалып жатқан жұмыстар келер айда аяқталады деген үміт бар. Өйткені қазанның алғашқы айында-ақ шығыста шуақты күн болмайды. Ал қазаннан соң қалтырататын қара суығы мен қарын алып қараша түседі.

Авторлары: Олжас Керейхан, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы