421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустық инфекциядан 35 жеткіншек ем қабылдап жатыр

  • 123
Коронавирустық инфекциядан 35 жеткіншек ем қабылдап жатыр ria.ru

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4521 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 35 жеткіншек бар. Стационарларда 2352 науқас жатыр. 2169 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 129 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

* КВИ+ (оң нәтижелі ПТР), КВИ- (теріс нәтижелі ПТР)

Хабар 24 телеарнасы