421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде азық-түліктің жартысы сатылып кетті

  • 129
  • UPD: 13:40, 13.09.2020
Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде азық-түліктің жартысы сатылып кетті

Елордада өтіп жатқан жәрмеңкеге шамамен 400 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстары ұсынған азық-түліктің жартысынан астамы күні кеше сатылып кеткен. Қала тұрғындары мен қонақтары да бағаның қолжетімділігін айтып жатыр. Мәселен, жылқы етінің келісі 1900 тг, сиыр еті 1800 тг, балықтың келісі 800 тг және үйдің сарымайы 2800 тг.

Бірақ кейбір сатып алушылар тауарлардың арасында өзге елдің өнімдері де барын жасырмады. Айта кеткен жөн, алдағы аптаның соңында Ақтөбе және Қызылорда облыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Блиц-жауаптар:

– Осындай шараларды көбірек ұйымдастыру қажет. Әр келген сайын байқайтыным: мұнда тек қазақстандық емес, басқа өндірушілерінің де тауарларын да сатып жүр. Осыған қатты ренжіп жүрмін.

– Пандемиядан шыққан халық үшін бүгінгі жәрмеңке қалтаға өте қонымды. БҚО-ның балықтары, Жамбылдың қымызы сапасына сай.

Хабар 24 телеарнасы