420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Залалсыздандыру туннельдері денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін

  • 114
Залалсыздандыру туннельдері денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін

Залалсыздандыру туннельдерінің коронавирусқа қарсы күресте еш пайдасы жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің пайымы – осы. «Тіпті аурудың алдын алу тұрмақ, денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін», – дейді мамандар. Көрші елдің билігі осындай туннельдерді әр мекеменің кіреберісіне орнатуды міндеттеген.

Коронавирустан сақтану амалдарының бірі ретінде бұл құрылғылар қоғамдық тамақтану орындары, әуежайлар, вокзалдар, базарлар мен супермаркеттердің алдына қойылған. Бірақ медициналық қызметкерлердің айтуынша, залалсыздандыру туннельдерінде қолданылатын хлор ерітіндісі адам азғасына кері әсер етпек. Мәселен, химиялық зат аллергия, конъюнктивит, тіпті демікпені қоздыруы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы