426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар аймақта бейбіт митингтер өтті: халықтың қалауы не?

  • 216
  • UPD: 23:49, 13.09.2020

Бүгін Алматы, Ақтөбе, Семей және Қарағанды қалаларында бейбіт митингтер өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Мемлекет басшысы қазақстандықтарға өз талаптарын ашық білдіруге құқық беретін бейбіт жиындар туралы заңға қол қойды. Президенттің айтуынша, қоғам митинг өткізу мәдениетін қалыптастыруы керек. Бүгінгі митингтер жергілікті әкімдіктермен келісе отырып ұйымдастырылды.

Айдар Есенбеков, қалалық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары:

– Әкімдік тарапынан митинг өткізуге жағдай жасалды. Көлік қозғалысы тоқтатылды. Әлеуметтік ара қашықтық бойынша белгілер салынды. Дегенмен ұйымдастырушылар тарапынан бекітілген тақырыптардан ауытқушылықтар орын алды. Оны айтып өтуіміз керек. Оларға ескерту жасалды.

Митингке қатысқандар өз ойларын емін-еркін жеткізіп, билікке базынасын айтты. Қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ және санитарлық нормалар сақталды. Ал билік тарапы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Алаңдарда полицейлер мен жедел жәрдем топтары кезекшілік етті.

Хабар 24 телеарнасы