420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасынан «Бүгін» жобасы эфирге шығады

  • 126
  • UPD: 21:33, 13.09.2020

Жаңа ток-шоу күнделікті мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жүргізушілер тікелей эфир кезінде қоғам үшін өзекті тақырыптарды талқылайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эфир кезінде көкейдегі әлеуметтік проблемалар талқыға салынады. Жүргізушілер – Саят Жөкен мен Нұрсұлтан Құрман. Олардың мәселеге қатысты көзқарасы да қарама-қайшы. Түйткілді шешу үшін ақ-қарасы мен дұрыс-бұрысын келген қонақтар, сарапшылар ажыратып береді.

Саят Жөкен, «Бүгін» бағдарламасының жүргізушісі:

– Бұл хабар дүйсенбіден жұмаға дейін болады. Шоуда қоғамдағы әлеуметтік, қоғамдық саяси, соның ішінде экономикалық мәселелер талқыланады. Бірақ оның бәрі жекелеген адамдардың өміріндегі мысалмен, сондай-ақ қарапайым тілде талқыланады.

Карантин кезінде телевизия мен интернетті бөліп қарау өзектілігін жойды десек болады. Өйткені ел мен әлемдегі жаңалықтар қос платформадан көрсетіліп жатты. Бұл тренд жоба кезінде де сақталады дейді ұйымдастырушылар.

Мадина Бүркітбаева, «Хабар» арнасының бағдарламалар бөлімінің басшысы:

– Қазіргі таңда әрине социалдық желілерге өте көп назар аударылады. Сол себепті бізде де ток-шоуда қатысу болады. Мысалы, көрермендердің сұрақтары бар. Соның бәрін біз ток-шоуға араластырамыз.

Бағдарламаның алғашқы эфирі ертең «Хабар» арнасында сағат 15.00-де шығады. Бірінші шығарылым коронавирус тақырыбына арналмақ. Екінші тоолқынға шыдас берер шама бар ма? «Бүгіннің» студиясында сарапшылардың талқысына түсетін сауал осы.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы