424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда құрылысшылар тапшы

  • 85
  • UPD: 11:21, 14.09.2020

Қазір қалада салынып жатқан нысандарға 500 жұмысшы жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жалақылары жоғары болса да, екі қолға бір күрек алатын адамдар аз», - дейді кәсіпкерлер. Осыған байланысты бос орындар жәрмеңкесі өтіп еді, жұмыс іздеп келгендер некен-саяқ.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Соңғы жылдары Петропавлда құрылыс қарқын алып, тұрғын үй, мектеп, ауруханалар бой көтеріп жатыр. Бірақ соларды салатын адам болса... Қалада кірпіш қалайтын жұмысшы жетіспейді. Осы жолғы жәрмеңкеге 8 құрылыс компаниясы келіп қатысты.

Мирас Рахметов, құрылыс компаниясының өкілі:

- Бізге 100 шақты адам керек. Сол кірпіш қалаушылар, әрлеушілер және әртүрлі жұмыс істейтіндер. Айлықтары 180 мың. Тамақтары тегін. Таңғы, түскі және кешкі ас. Киімдерін береміз. Кірпіш қалаушылар болып жатса, олардың айлықтары 250-ден бастап көтеріледі.

Жәрмеңкеде барлығы 900 жұмыс ұсынылды. Оның тең жартысы құрылыс мамандары. Бос орындар арасында қарапайым қара жұмысшыдан бастап басшылық қызметтерге дейін бар.

Алмагүл Жәнібекова, қалалық жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы:

- Жыл басынан бері 150 адам тұрақты, тағы 200 адам уақытша жұмысқа орналасты. Бүгін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша ғана 500 орын ұсынылды. Көбіне құрылышылар қажет.

Қазір Петропавлда 1800 адам жұмыссыз жүр. Жәрмеңкеге келгендерге қарағанда олар жұмысты емес, жұмыс оларды іздеп жүрген сияқты.

Хабар 24 телеарнасы