421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балық пен теңіз өнімдері қай өңірлерде қымбаттағаны анықталды

  • 74
  • UPD: 10:05, 14.09.2020
Балық пен теңіз өнімдері қай өңірлерде қымбаттағаны анықталды

2020 жылдың қаңтар-шілде айларында дайындалған немесе консервіленген балық, уылдырық өндірісі 15,6 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1 есе көп, деп хабарлады energyprom.kz.

Өндірістің шамамен үштен екі бөлігі (64,2%) Атырау облысына тиесілі: 10 мың тонна, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,6 есе көп. Жетекші үш аймақтың қатарына Батыс Қазақстан (2 мың тонна, +11,7%) және Түркістан (1,8 мың тонна, 957,1%) облыстары кірді

Нақтырақ айтқанда балық, шаян тәрізділер мен моллюскаларды өңдеу және консервілеу 13,6 млрд теңгеге жетті.

Экспорт үлесі ресурстардың 16,8% құрады: 11,3 мың тонна балық, өткен жылмен салыстырғанда 19,7% аз.

Тамыз айында балық пен теңіз өнімдерінің бағасы өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 12,4% өсті. Бағаның едәуір қымбаттауы Қызылорда (18%), Павлодар (16,3%) және Қарағанды ​(15,9%) облыстарында байқалады.

Мұздатылған балық 14,1%, балғын немесе салқындатылған балық 13%, тұздалған және ысталған балық 9,9% қымбаттады. Балық консервілерінің ішінде деликатестер 11,1%, деликатес емес балық өнімдері 10,5% қымбаттады.

Хабар 24 телеарнасы