428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есірткі сатпақ болған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

  • 120
  • UPD: 10:10, 14.09.2020
Есірткі сатпақ болған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

Түркістан облысының полицейлері есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Ол өзінің арызында белгісіз бір азамат өзіне есірткі затын сатпақ болғаны жайлы айтады. Осы жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді.

Жедел іздестіру шарасы барысында Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдерімен бірлесіп есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады. Айғақты зат ретінде полиция қызметкерлері күдіктіден 50 грамнан астам «марихуана» тәркіледі.

Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы