421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 20 қыркүйектен бастап карантин қатаңдатыла ма – А.Есмағамбетова жауабы

  • 244
  • UPD: 11:15, 14.09.2020
Елімізде 20 қыркүйектен бастап карантин қатаңдатыла ма – А.Есмағамбетова жауабы

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен кейін қатаң карантин шаралары енгізілетіндігі туралы қауесетке пікір білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Маусым-шілде айларына қарағанда бүгінде елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екендігін айта аламыз. Мемлекеттік органдардың ақпаратын, яғни ресми ақпараттарды ғана пайдаланыңыздар. «Жиын өтіп, талқылаудан кейін қыркүйекте карантин енгізеді» деп жүргендерге айтарым, мұндай ресми ақпарат жоқ. Барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты», - деді бас санитар дәрігер.

Оның айтуынша, әрбір өңірдегі елді мекендердегі ахуалға күнделікті мониторинг жүргізіліп отырады.

«Қабылданатын шаралардың барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты», - деп нақтылады Айжан Есмағамбетова.

Хабар 24 телеарнасы