428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚК қару саудасымен айналысқан қылмыстық топтардың өкілдерін ұстады

  • 142
  • UPD: 12:04, 14.09.2020
ҰҚК қару саудасымен айналысқан қылмыстық топтардың өкілдерін ұстады ҚР ҰҚҚ

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларындағы арнайы операция шеңберінде «Әлібековтер», «Ибрагимовтер» және «Махмудовтар» ҰҚТ-ларының 15 жетекшісі мен белсенді мүшелері ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«ҚР ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп, «А» және «Бүркіт» арнайы бөлімшелерін тарта отырып рейдерлікпен және қару саудасымен айналысқан «Әлібековтер», «Ибрагимовтер» және «Махмудовтар» ҰҚТ-ларының мүшелері ұсталды», ­- деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ұсталғандардың бірі Ресей Федерациясында бандитизм мен адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде болған екен. Олардан атыс қаруының, оқ-дәрілер мен гранаталардың арсеналы алынған.

Қолға түскендер елордадағы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қолда бар дәлелдемелерді бекіту және қылмыстық әрекеттің өзге де эпизодтарын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Арнаулы қызметтер мен полицияның қылмыстық топтардың жоспарлары мен ниеттерін анықтау және оның жолын кесу бойынша жүйелі жұмысы жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы