429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

  • 134
  • UPD: 12:19, 14.09.2020
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков 2 айға қамауға алынды.

Лауазымды тұлға мемлекетке 107 млн теңге көлемінде шығын келтірген деп айыпталып отыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

12 қыркүйекте Қарағанды облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының тәртібінде Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековті ұстады.

«Аталған тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасауда, атап айтқанда 2018 жылы Қарағанды қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ірі панельді тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражатын алдын ала сөз байласу жолымен топ адаммен бірлесіп ұрлауда және талан-таражға салуда күдікті болып табылады», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыстық әрекеттермен Жақсылық Шалабеков мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірген. Қазіргі уақытта ол соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

Тергеу жүргізілуде және оның барысы облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында.

Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясы болып табылады және жариялануға жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы