431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтан екі адам түсірілді

  • 139
  • UPD: 12:34, 14.09.2020
Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтан екі адам түсірілді

Көлік полицейлері Шымкент әуежайында әкімшілік құқықбұзушылық жасаған екі ер азаматты әуе рейсінен түсірді.

12 қыркүйек күні сағат 23:55-те Шымкент қалалық әуежайының Желілік полиция бөлімшесіне «Fly Arystan» әуекомпаниясының өкілінен Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстің салонында құқыбұзушылардың бар екендігі туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көлік полицейлері тексеру барысында орын үшін туған жанжал кезінде өздерін дөрекі ұстап, қоғамдық орында балағат сөздер айтқан 34 және 40 жастағы екі азаматты анықтады. Акт бойынша екі құқықбұзушы ұшақтан түсірілді.

Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің екі бірдей бабымен, атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлігімен, яғни ұсақ бұзақылық және ҚР ӘҚБтК-тің 566 бабымен, яғни ұшақта мінез-құлық қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Оларға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Ұсақ бұзақылық бойынша материал Шымкент қалалық мамандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері түрлі құқықбұзушылықтармен 30 000-нан аса азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Хабар 24 телеарнасы