424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда қатаң карантин қайта енгізіле ме?

  • 220
  • UPD: 13:34, 14.09.2020
Қазақстанда қатаң карантин қайта енгізіле ме?

Халық арасында «қыркүйекте карантин талаптары күшейеді» деген сыбыс тараған.

Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова тұрғындарды тек ресми ақпараттарға сенуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, қазіргі эпидемиологиялық ахуал маусым-шілде айларына қарағанда едәуір тұрақты. Елдегі жағдай күнделікті бақыланып отыр. Әзірге карантинді күшейту туралы шешім қабылданған жоқ. Бірақ демалыстағы шектеулер сақталады.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Қазір демалыс күндеріндегі шектеулердің өзін азайтып жатырмыз. Сауда ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар, фитнес, SPA нысандар, сұлулық салондары адам көп жиналу қаупі болғандықтан, жұмыс істемейді. Біздің басты міндетіміз – елдегі эпидахуалдың тұрақтылығын сақтап, аурудың азаюына жағдай жасау.

Хабар 24 телеарнасы