426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін созылды

  • 121
  • UPD: 13:42, 14.09.2020
Шымкентте шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін созылды

Бұл туралы қаланың Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында белгілі болды.

Құжатқа сәйкес сұлулық салондары мен SPA орталықтарының уақыты кешкі 21:00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар тек жұмыс күндері ғана ашық болады. Қоғамдық көлікке аптаның 6 күнінде қатынауға рұқсат берілді. Бұған дейін автобустар тек дүйсенбі мен жұма аралығында жүретін. Сондай-ақ енді демалыс күндері ашық аспан астындағы азық-түлік сататын және өзге де базарлар мен сауда орындарының  жұмысына шектеу қойылмайды. Ал қала тұрғындары әлі де бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап жүруі тиіс. Отбасылық жиын-той өткізуге рұқсат берілген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы