426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы Қоскөлде балықтардың жаппай қырылу себебі анықталды

  • 113
  • UPD: 13:54, 14.09.2020
СҚО-дағы Қоскөлде балықтардың жаппай қырылу себебі анықталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Қоскөл көлінде балықтардың жаппай неден қырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, өткен айдың соңында Айыртау ауданында жарты тоннаға жуық мөңке балығының өлекселері жағаға шығып қалған еді. Аталған фактіге байланысты ветеринарлар, экологтар және табиғатты қорғау инспекторларынан арнайы комиссия құрылды. Мамандар су мен балықтан сынама алып, оларды арнайы зертханада тексерді. Оның қорытындысы бойынша күкірт сутегі нормадан көп бөлінген. Салдарынан су маржандары да тұншығып қалған. Жалпы биыл өңірде осындай үш жағдай тіркелген.

Елена Мазик, Экология департаменті зертханалық-сараптамалық бақылау бөлімінің бас маманы:

- Биылғы жаз өте ыстық болды. Салдарынан су таязданып, күкірт сутегі концентраты пайда болған. Бұл дегеніміз көлдің бетіне пленка жабылып, су жәндіктеріне ауаның жетпей қалуы. Қырылған балықтар санитарлық талап бойынша жойылды.

Хабар 24 телеарнасы