428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ҚМ: Ливандағы қазақстандық әскерилердің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

  • 122
  • UPD: 14:51, 14.09.2020
ҚР ҚМ: Ливандағы қазақстандық әскерилердің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды ҚР ҚМ баспасөз қызметі

ҚР Қорғаныс министрлігі Ливандағы бітімгершілік миссиясын орындауға қатысатын қазақстандық әскери қызметшілердің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында Ливандағы бітімгершілік миссиясын орындауға қатысатын әскери қызметшілердің коронавирустық инфекцияны жұқтырғаны туралы хабарламалар таратылуда.

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Үнді бітімгершілік батальоны мен Қазақстан бітімгершілік ротасының жеке құрамы арасында COVID-19-бен ауырғандар жоқ», – делінген мәліметте.

Хабар 24 телеарнасы