429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеуі керек

  • 175
  • UPD: 15:05, 14.09.2020
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеуі керек nalogikz.kz

2020 жылдың 1 қазанына дейін меншіктерінде жер телімдері мен жылжымайтын мүліктері бар барлық жеке тұлғалар 2019 жылға мүлік салығын және жер салығын төлеуі керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің ақпары бойынша, жылжымайтын мүлік және жер салығы бойынша алдағы төлемдер туралы «Салық әмияны» арқылы білуге болады.

«Салық әмияны» қызметінде сіз осы салықтарға есептелген сомалар туралы ақпаратты көре аласыз.

Сіз бұл деректерді және e-Salyk мобильдік қосымшасындағы ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу бойынша ашық қызметін пайдалана отырып немесе сол мобильді қосымшадағы «Салық әмияны» қызметінің жеке кабинетіндегі «Бюджетпен есеп айырысу» бөлімінде көре аласыз», – делінген мәліметте.

Ал көрсетілген соманы екінші деңгейдегі банктердің, «Қазпочта» АҚ төлем карталары арқылы алдын ала толтырылған деректемелерді пайдалана отырып төлеуге болады екен.

Хабар 24 телеарнасы