420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО түрмелерінде ұзақмерзімді кездесу бөлмелері қайта ашылды

  • 95
  • UPD: 15:20, 14.09.2020
ШҚО түрмелерінде ұзақмерзімді кездесу бөлмелері қайта ашылды

Шығыс Қазақстан облысындағы түзеу колонияларында ұзақ кездесу бөлмелерінің жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы аптадан бастап сотталғандарға барлық санитарлық норманы сақтай отырып, туыстарымен көрісуге рұқсат берілді. Бұған дейін індетке байланысты жазасын өтеушілер жақындарымен бейнеқоңырау арқылы ғана көріскен еді.

Айта кетейік, қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес ұзақмерзімді кездесу екі тәуліктен аспайды және алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ кездесу тәртібі бойынша бас бостандығынан айырылғандардың туыстарынан міндетті түрде коронавирус тестінің болуы талап етіледі. Ұзақ кездесуден кейін жазасын өтеуші 14 күнге оқшауланады. Ал, қысқа кездесулер қалыпты тәртіпте жүргізіледі.

Айнұр Құсайынова, сотталушының жұбайы:

- Күйеуімді бас бостандығынан айырылғалы бері көрмедім. Карантин басталды. Қазір шектеулер біткенннен кейін ең бірінші болып күйеуіммен кездесуге келдім.

Ержан Аймұханбетов, түзеу мекемесінің басшысы:

- Бүгінгі таңда мекемеде 428 адам жазасын өтеуде. Оның ішінде 200 жеңіл жағдайда ұсталынады. Сотталғандардың 70%-і жұмыспен қамтамасыз етілген. Наурыз айынан бастап түсіндірме жұмыстары туыстарына жеткізілді шектеулер туралы. Қазір бәрі шешілді.

Хабар 24 телеарнасы