426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында зауыт қара түтін іздері бар ластаушы заттар шығарылған

  • 113
  • UPD: 16:41, 14.09.2020
Атырау облысында зауыт қара түтін іздері бар ластаушы заттар шығарылған Egemen.kz

Атырау облысы бойынша Экология департаменті Қарабатан кенті ауданында атмосфералық ауада қара түтін іздері бар ластаушы заттардың шығарылғанын анықтады.

Осыған байланысты ведомство қызметкерлері мобильді жылжымалы зертханаға Қарабатан ауданына барды.

Осы шығарындылардың (қара түтіннің) көзі «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» Н.В. компаниясының филиалы «Болашақ» МГКДҚ зауытының шырақты қондырғысы болып табылатыны анықталды, сондай-ақ департамент қызметкерлері МГКДҚ зауытының СҚА шекарасының іргелес аумағында атмосфералық ауаны өлшеді. Осы өнеркәсіптік объектіге жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болады, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Хабар 24 телеарнасы