420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы емханалары COVID-19 екінші толқынына қаншалықты дайын

  • 69
  • UPD: 16:51, 14.09.2020
Алматы емханалары COVID-19 екінші толқынына қаншалықты дайын Liter.kz

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №2 қалалық емхананың бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Нүрия Қалмұратова респираторлық аурулар көбейген кездегі емханалардың жұмыс ерекшелігі туралы айтты.

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлайды. Коронавирус инфекциясының, сондай-ақ басқа да респираторлық аурулардың таралуын болдырмау мақсатында күз-қыс маусымында емханалар қызметі бекітілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, жүзеге асырылады.

«Емхана табалдырығынан аттап кіру ­– температураны өлшеу және ЖРВИ, КВИ белгілері бойынша пациенттерді тексеру арқылы және тек қана белгіленген жолмен, «триаждау» жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Кіре берісте жылу бақылау құрылғысы орнатылған.

Науқастарды қабылдау қатаң түрде алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады. Санитарлық тазартқыштар емханаға кіре берісте, дәліздерде, баспалдақ алаңдарында орнатылған. Келушілердің әлеуметтік арақашықтығын және қозғалыс бағытын қамтамасыз ету үшін еден белгілері, қоршаулар мен тосқауыл таспалар орналастырылған», ­– деді Нүрия Қалмұратова.

Емхана аймағы «лас» және «таза» аймақтарға бөлінген. Қызметкерлер мен науқастар үшін бөлек кіреберістер бар.

Емханада фильтр жұмыс істейді, оған дене қызуы көтерілген, жұқпалы аурулардың белгілері бар, ЖРВИ, тұмаумен ауыратын науқастар жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы