424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы мобильді топтар: СOVID-19 симптомдары бар пациенттерге көмек көрсету алгоритмі

  • 129
  • UPD: 17:05, 14.09.2020
Алматыдағы мобильді топтар: СOVID-19 симптомдары бар пациенттерге көмек көрсету алгоритмі Azattyq Rýhy

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №2 қлалық емхананың емдеу ісі жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Нұрия Қалмұратова айтып берді.

Пандемияға байланысты жедел респираторлық аурудың белгілері, COVID-19-ға күдік пайда болған кезде пациенттерге барып, оларға амбулаториялық бақылау, сондай-ақ үйде оқшауланған пациенттерге консультация беру, қашықтан консультациялық көмек көрсету үшін алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының жанынан мобильді топтар құрылды.

Емханада COVID-19 ауруының өршіген тұсында 12 мобильді топ жұмыс істеді. Мобильді топтың құрамында жалпы практика дәрігері, медбике, зертханашы, психолог және әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Мобильді топтың жұмыс уақыты таңғы сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін. Сағат 18:00-ден кейін пациенттерге жедел медициналық көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта жағдайдың тұрақтануына байланысты емханада 5 мобильді топ жұмыс істейді.

«Науқастан қоңырау түскен жағдайда, мобильді топтың науқасқа бару қажеттілігі болмаса, қоңырауды мобильді топпен бірлесіп жұмыс істейтін және ауруханаға дейінгі кезеңде СOVID-19 бойынша сұрақтар туындаған кезде ақпараттық, консультациялық көмек көрсететін ахуалдық орталық ретінде жұмыс істейтін емхананың call- орталығына бағыттайды. Сондай-ақ психологиялық көмек пен қолдау, қажет болған жағдайда психологтарды тарта отырып, пациенттерді бағыттау тәртібін жүргізеді», – деп атап өтті Н.Қалмұратова.

СOVID-19 белгілері бар науқасты бағыттау:

Call-орталыққа жүгінген кезде жағдайын бағалау үшін топты шақыру, ПТР алу, одан әрі қашықтан мониторингтеу жүзеге асырылады. Симптомпсыз науқастар, ауырлығы жеңіл дәрежелі, ауырлығы орташа дәрежелі науқастарға аурудың ағымының қауіпі болмаған кезде «үйдегі стационар» ұйымы, жағдайы орташа ауыр науқастар, қауіп тобынан тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызылады.

АМСК-қа жүгінген кезде-дәрігер сүзгіде қарап-тексеруді, науқастың жағдайын бағалауды, одан әрі қашықтан мониторингтеуді, симптомпы білінбнйтін науқастар, бар пациенттерге, симптомсыз нысаны бар, жеңіл ауырлық дәрежесі бар, ауырлығы орташа дәрежелі накқастарға аурудың қауіпті ағымының қаупі болмаған кезде «үйдегі стационар» ұйымы жүргізеді. Жағдайы орташа ауыр науқастарға қауіп төндіреді тобынан тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызылады.

Жедел жәрдем шақыру кезінде-активті қабылдау, жағдайын бағалау үшін топтың шығуы, ПТР алу, одан әрі қашықтан бақылау, симптомпсыз нысандағы пациенттерге, симптомсыз нысандағы пациенттерге, ауырлық дәрежесі жеңіл, ауырлығы орташа дәрежедегі пациенттерге аурудың қолайсыз ағымының қаупі болмаған кезде «үйдегі стационарды» ұйымдастыру.

Қажет болған жағдайда, мобильді топ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жанынан құрылған науқастарды мониторингтеу орталығының, сондай-ақ телемедицина орталығының бейінді мамандарының консультацияларын, онлайн консилиумдарын ұйымдастырады.

«Мобильдік топтың іс-қимыл алгоритмі мынадай: call-орталыққа қоңырау шалу немесе емханаға жүгіну. Шақыру мобильдік топқа беріледі, ол чек-параққа сәйкес Covid-19 күдікті жағдайды айқындайды, қажет болған жағдайда шақыруға барады. Оқшаулау үшін жағдайларды анықтап, қажет болған жағдайда пульсоксиметрлер мен дәрі – дәрмектерді қамтамасыз етеді. Тәулік бойғы стационарға жатқызу үшін COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар науқастың жағдайын уақтылы бағалауды жүргізеді», – деді ол.

Мобильді топ учаскелік дәрігерге немесе мейірбикеге пациентті қарап-тексеру нәтижелері туралы хабарлайды, мәліметтер мен медициналық құжаттаманы қажеттілігіне қарай емдеу жоспарын түзете отырып, одан әрі қашықтан бақылау үшін береді.

Ақпарат көзі: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы