421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 2 медбикеден коронавирус анықталды

  • 303
БҚО-да 2 медбикеден коронавирус анықталды

БҚО-ға қарасты Теректі ауданының орталығы Фёдоровка ауылында екі медбикеден коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Тиісті ем-домын қабылдап жатыр. Жалпы ауданда қыркүйектің алғашқы онкүндігінде 10 адам вирус жұқтырған.

Аурудың таралуы бәсеңдегеннен кейін тұрғындардың санитарлық талаптарды елемеуі көбейді. Сондықтан әр ауданда құрылған мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Соңғы аптада санитарлық талаптарды бұзған 38 тұлғаға шара қолданылды. Жалпы аймақта эпидемиологиялық ахуал тұрақты. «Індеттің өршу белгілері байқалған соң Теректі ауданының аумағында уақытша шектеу шараларын енгіздік», – дейді сала басшылары.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басышы:

– Бірінші шектеу түнгі 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін барлық автокөліктің жүрісіне қойылды. Екінші шектеу жасы 65-тен жоғары адамдар бейберекетсіз жүрмеу үшін ұйымдастырылды. Одан кейін адамдар көп жиналатын орын ретінде саябақтарға баруға да тыйым салынғаны рас. Қазіргі жұмыстар осындай 3 бағытта атқарылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы