420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Ең үздік жас отбасы» байқауы басталды

  • 92
  • UPD: 17:23, 14.09.2020
Елордада «Ең үздік жас отбасы» байқауы басталды Елорда әкімдігі

Сертификаттарды тұрмыстық техника мен электроника сатып алуға жұмсауға болады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы елорда тұрғындары арасында «Ең үздік жас отбасы» байқауының басталғанын хабарлады. Оған Нұр-Сұлтанда тұратын және конкурс басталғанға дейін ресми түрде тіркелген отбасылар қатыса алады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың бірінің жасы 29-дан аспауы керек.
Байқау 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жас отбасы қатысуға өтініш жіберіп, бейне визиткасын жариялайды.

«Бейне визитканың тақырыбы – «Бұл жарыста неге біз жеңіске жетуіміз керек?». Ол Instagram-да #NSjastary, #Меніңотбасым, #Моясемья, #OtbasyBakytMekeny, #NSotbasy2020, #Отбасыкүні2020 хэштегтерімен жариялануы керек.

Байқауға қатысушылардың бейнематериалдары «қолданыстағы» парақшада жариялануы және инстаграм парақшасы ашық болуы керек. Ұзақтығы кем дегенде 1минут және көп дегенде 3 минуттан аспауы керек.

Барлық сайыскерлер @ns_jastary, @elorda.otbasy инстаграм парақшаларына жазылуы тиіс.

Өтінімде келесі құжаттар болуы қажет:

– неке қию туралы куәліктің көшірмесі (балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі - бар болса) (Elorda.otbasy@gmail.com электронды поштасына немесе Whats App арқылы +77772734383 (Камила) нөміріне құжаттың скриншотын жіберуге болады);

– байланыс ақпаратын (телефон нөмірлері, тұрғылықты жері, әлеуметтік желілердегі парақшалар, отбасы мүшелерінің саны) Elorda.otbasy@gmail.com электронды поштасына немесе +77772734383 (Камила) нөміріне Whats App арқылы жіберілуі керек», – деді жастар саясаты мәселелері басқармасында.

Жеңімпаздар тұрмыстық техникаларға және электроникаға арналған сертификаттар түріндегі сыйлықтармен марапатталады.

Жүлде қоры бірінші орын үшін – 500 000 теңге, екінші орын үшін – 350 000 теңге, үшінші орын үшін – 250 000 теңге.
Финалға шыққан 7 отбасыға ынталандыру ретінде 100 000 теңгеден беріледі.

Өтініш беру мен бейнематериалдарды жариялаудың соңғы мерзімі 2020 жылдың 20 қыркүйегі, сағат 20:00-ге дейін.

Қатысуға өтінім беру үшін немесе барлық сұрақтар бойынша Instagram-дағы @elorda.otbasy аккаунтына хабарласыңыз немесе +7 777 273 4383 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Хабар 24 телеарнасы