420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайдағы мектептің ашылу салтанатында карантин талабы сақталмады

  • 79
Бурабайдағы мектептің ашылу салтанатында карантин талабы сақталмады

Бурабайдағы жеке мектептің ашылу салтанатында біраз адам бетперде кимеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы шарада Білім және ғылым министрін қаумалап суретке түскендер әлеуметтік желіде әшкере болды. Осыдан кейін құзырлы органдар жоспардан тыс тексеріс бастады. «Егер санитарлық талап бұзылған болса, әкімшілік шара қолданылады», – дейді мамандар.

Бір анығы дарынды балаларға арналған мектептің ашылу салтанатына көп адамның жиналатыны туралы алдын ала ескертілмеген. Енді мәселенің мән-жайы тексеруден кейін белгілі болады.

Ержан Байтанаев, Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі:

– Аталған мектепте фактілер анықталса, заңды және жеке тұлғаларға ҚР Әкімшілік кодекстің 425-бабы 1-тармағымен шара қолданылады. Аталған шара бойынша Ақмола облыстық департаментімен ешқандай келісім жұмыстары жүргізілмеген. Аталған іс-шара ешқандай мемлекеттік органмен келісілмей, өзара ұйымдастырылған.

Хабар 24 телеарнасы