428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 700 үй құсы қырылып қалды

  • 118
СҚО-да 700 үй құсы қырылып қалды

Солтүстік Қазақстан облысында 700-дей тауық қырылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жағдай Ғабит Мүсірепов, Шал ақын және Тимирязев аудандарында тіркелген. Осыған байланысты ветеринар мамандар өлген үй құстарын өртеп, қораларда зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қанаттылардан сынама алынып, зертханалық сараптамаға жіберілді.

Әзірге тауықтардың неден қырылғаны белгісіз. Оқиға болған ауылдарға елордадан да мамандар барды. Бұл елді мекендер карантинге жабылған жоқ.

Берік Әлжанов, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:

– Ауырған және өлген құстардың белгілері Ньюкасл ауруы, пастереллез, сальмонеллез, колибактериоз, тұмау сынды аурулардың белгілеріне ұқсайды. Оның белгілері: дене қызуының жоғарылауы, диарея, жалпы жағдайдың әлсіреуі. Осындай белгілер бар.

Хабар 24 телеарнасы