420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


OPEC ұйымының құрылғанына 60 жыл толды

  • 116
  • UPD: 16:36, 15.09.2020

OPEC бүгін 60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйым басшысы құттықтау сөзінде болашақта тағы осыншама уақыт бойы сын-қатерге қарсы тұруға дайын екенін жеткізді. Ол сондай-ақ құрамына Қазақстан кіретін OPEC+ арқасында мұнай өндіру көлемін қысқарту жетістігіне де тоқталып өтті. Айта кеткен жөн, OPEC қара алтын өндіру квоталарын бақылау мақсатында 1960 жылы Бағдаттағы мұнай конференциясы кезінде құрылған.

Әлемдегі шикізат өндіру көлемінің үштен бірі осы ұйымның үлесіне тиесілі. Ал 60 жылдық мерейтойға орайластырылған шара коронавирусқа байланысты белгіленген күні атап өтілмейді. Ол 4 желтоқсанға шегерілді.

 

Хабар 24 телеарнасы