424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада тұрғын үймен қамту мәселеcі талқыланды

  • 130
Қызылордада тұрғын үймен қамту мәселеcі талқыланды

Аз қамтылған отбасылар үшін бастапқы жарнасыз тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік жасау керек.

Коммунистік партияның Қызылорда облыстық филиалының бұл ұсынысы партия белсенділері, жергілікті әкімдік және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен өткен басқосу барысында талқыланды. Кездесу барысындағы пікірлер мен ұсыныстар негізінде «Халық коммунистері» фракциясы жергілікті атқарушы органдарға ұсыным әзірлейтін болды. «Өз тұрғын үйім» бағдарламасының жобасы бастапқы жарнасыз қайталама тұрғын үй сатып алуды көздейді. Бұл мүмкіндікті көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар пайдалана алады. Бүгінде өңірде мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй кезегінде 20 мыңға жуық адам тұр. Олардың жартысынан астамы – бастапқы жарнасы бар ипотеканы ала алмайтын әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған адамдар. Партиялықтар жиында қаржыны қайтару тетіктерін де айтып берді.

Талғат Телеубаев, ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшысы:

– Мысалы, облысқа тұрғын үй салу үшін 5 млрд тг бөлінді делік. Арнайы комиссия тұрғын үй алуға өтініш берген отбасыларды іріктейтін болады. Егер банк мақұлдаса, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алу кезегінен шығарылады да, банк арқылы алғашқы жарнасыз пәтерге ие болады.

Хабар 24 телеарнасы