426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тұмауға қарсы вакцинация жұмыстары басталды

  • 102
Алматыда тұмауға қарсы вакцинация жұмыстары басталды

Ертең Алматы қаласында тұмауға қарсы егу жұмыстары басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқылардың бірі болып вакцинаны Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин салдырды. Биыл екпе жылдағыдан 2-3 аптаға ерте басталып отыр.

«Ол коронавирус инфекциясының таралуына байланысты», – дейді Жандарбек Бекшин. Тұмауға қарсы вакцина мұқтаж адамдарға тегін салынады. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, жиі ауыратын балалар, қарттар мен мүгедектер бар. Жүкті әйелдерге де тегін.

Жандарбек Бекшин, қаланың бас санитарлық дәрігері:

– Биыл вакцинаның 130 мың дозасын алдық. Коронавирустық инфекцияға байланысты тағы қосымша 300 мың доза алуды көздеп отырмыз. Вакцинаның қосымша дозасы қараша айында келуі мүмкін.

Сондай-ақ ертеңнен бастап Алматыдағы 3-4 сынып оқушылары үшін кезекші топтар жұмыс істей бастайды. Ондағы оқушы саны 15 баладан аспауы тиіс. Барлық санитарлық талап қатаң сақталатын болады. «Мұндай шешім қабылдауға аурудың таралу көрсеткішінің төмендеуі себеп болды», – деді Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері:

– Осы екі аптанда оқушылар арасында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Сондықтан 15 қыркүйектен бастап біз 3-4 сыныптарды оффлайн режимде оқуға қостық.

Хабар 24 телеарнасы