426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азық-түлік бағасын бір деңгейде ұстап тұру үшін 11,8 млрд теңге бөлінген

  • 87
  • UPD: 14:26, 15.09.2020
Азық-түлік бағасын бір деңгейде ұстап тұру үшін 11,8 млрд теңге бөлінген

Жыл басынан бері еліміздің барлық аймағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 4,4 процентке өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның хабарлауынша, бұған төтенше жағдай режимінің енгізілуі әсер етті. Яғни шектеулерге байланысты тауар тасымалдау процесі қиындады. Әсіресе, баға өсімі наурыз-сәуір айларында қатты байқалды. Ал мамырда азық-түлік құны реттеле бастады. Ол үшін жауапты ведомствоға әлеуметтік маңызы бар 9 тауар бағасына шектеу қоюға тура келді. Бұл шектеуді бұзғандар да аз болған жоқ. 180 кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ аталмыш жағдай қайталанбауы үшін азық-түлік тауарларының импорты мен сатылуына қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12-ден 8% дейін төмендетілді. Бағаны бір деңгейде ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттерден 11,8 миллиард теңге бөлінді.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Биыл қалыптасқан жағдайда Үкімет пен әкімдіктер өнім өндіруді сақтауды және барлық өңірлерге жеткізу шараларын қабылдады. Бағасын 4,4 пайызға тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Ол өткен жылмен салыстырғанда екі есе төмен. Әкімдіктер алдын ала шараларды дер кезінде қабылдаса, бағаны тұрақтандыру мен оны тежеу қамтамасыз етіледі. Біз импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс жасап жатырмыз. Бағаның қымбаттауына ешбір себеп жоқ. Бағаның тұрақталуына қатаң бақылау жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы