420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индустрияландыру картасы аясында 206 жоба іске асады

  • 67
  • UPD: 14:28, 15.09.2020
Индустрияландыру картасы аясында 206 жоба іске асады

Олардың жалпы құны – 996 миллиард теңге, деп хабарлайды «Хабар 24».

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, жаңа жобалар іске асса, 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс. Өндірістер ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік құрастыру, металлургия, химия өндірісі, энергетика, және мұнай газ салаларын қамтиды. Қазірдің өзінде 28 жоба іске қосылды. Өндірісті арттыру арқасында отандық тауарларды экспортқа шығару көрсеткішін ұлғайту көзделіп отыр. Мәселен, биыл елімізде шығарылған аккумуляторларды Италия мен Біріккен араб әмірліктеріне жөнелту жоспарда бар. Құрылыс саласының мамандары болса, импорт көлемін 15 процентке азайтпақ. Ал Қазақстанда шығарылған тауарлар үлесін 90 процентке дейін жеткізу көзделуде.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Соңғы 8 айда өңдеуші өнеркәсіпте оң динамика байқалып, 3 процентке өсті. Бұл көрстекішке пандемияға қарамастан қол жеткізілді. Биыл индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 996 млрд 206 жобасы іске асыру жоспарланып отыр. Бұл өндіріс көлемін 1,3 триллион теңгеге эксапортты 325 млрд теңгеге және 19 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Капиталды ең қажет ететін Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодарда. Қалған өңірлер жобаларды іске асыруды жандандырсын.

Хабар 24 телеарнасы