429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрғындар шағымы: Балқаш мыс қорыту зауыты жоспардан тыс тексерілетін болды

  • 102
  • UPD: 11:22, 15.09.2020
Тұрғындар шағымы: Балқаш мыс қорыту зауыты жоспардан тыс тексерілетін болды wikipedia.org

Әлеуметтік желіде Балқаш қаласы тұрғындарының қаладағы ауаның ластануына байланысты шағымданған видеосы жарияланды.

Ауаның ластануын жұртшылық қаладағы кәсіпорындардың, әсіресе мыс қорыту зауытының жұмысымен байланыстырады.

– Азаматтардың және Балқаш қаласы әкімінің өтінішін негізге ала отырып Экология министрлігінің Қарағанды облыстық Экология департаменті Балқаш мыс қорыту зауытында жоспардан тыс тексеру өткізбек. Кәсіпорынға хабарландыру жіберіліп қойды. Сонымен бірге қазір компанияны тексеру туралы өтініш тіркеуде жатыр. Зертхананың мамандары тексеруге ертең барады. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз, – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

 

Хабар 24 телеарнасы