424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард» ісі: 17 мыңнан астам жәбірленуші шағым түсірген

  • 103
  • UPD: 13:06, 15.09.2020
«Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард» ісі: 17 мыңнан астам жәбірленуші шағым түсірген

Елімізде 17 мың тұрғын алаяқтардың арбауына түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақшаларын салып, бірнеше есе өндіріп аламыз деген соқыр сенім жарға жықты. Енді қаржыларын қайтару мәселесін сот қарайтын болады. Жыл басынан бері қаржылық пирамидаға қатысты 217 іс анықталған. Оның 116-сы сотқа жіберілді. Бұл туралы бүгін Ішкі Істер министрлігінің онлайн брифингінде айтылды. Сондай-ақ қоғамда үлкен резонанс тудырған 13 түрлі ұйымға қатысты іс те тергеліп, тексеріліп жатыр. Келтірілген шығын 22 млрд теңгеге бағаланды. Ішкі істер министрлігінің өкілдері халықтан күмәнді істерге ақша салмауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы