421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Жағалау-3 кешенінің ұзаққа созылған құрылысы биыл аяқталады

  • 74
  • UPD: 12:56, 15.09.2020
Елордада Жағалау-3 кешенінің ұзаққа созылған құрылысы биыл аяқталады

Елордадағы «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің 30 блогының құрылысы аяқталуға жақын.

Қазіргі уақытта нысанда қасбеттік жұмыстар жүргізіліп, лифттер орнатылуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

«Кеше кешкі аралау кезінде құрылысы созылып кеткен «Жағалау-3» (30-блок) кешенін бір пысықтадық.

Бұл үйдің құрылысы 8 жыл бұрын басталған, бірақ қордаланған мәселелері көп. Үлескерлермен бірнеше рет кездесіп, құрылыс кестесін жасаған едік.

Қазір құрылыстың қасбеті аяқталып қалды, жұмысшылар лифттерді орнатуға кірісіп кетті. Сол уақытта аумақты абаттандыру жұмыстары да жүріп жатыр. Жақын арада ішкі жұмыстары басталады. Сонымен қоса, құрылыс кешені энергиямен тұрақты қамту көзіне (су, жарық, кәріз жүйесі үшін) жалғау жұмыстары жүруде.

Бұл тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пәтерлерді жыл аяғына дейін тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы