420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабай көлінде балық жаппай қырылды

  • 86
  • UPD: 13:55, 15.09.2020

Ақмола облысы Бурабай көлінде қырылған балықтардың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шабақ балықтардың жаппай қырылуы тұрғындарға үрей туғызған. Осы жағдайға қатысты «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің өкілі пікір білдірді. Айтуынша, жазғы аптап ыстықтан Бурабай көлінің деңгейі 35 сантиметрге төмендеген. Ал жаңбырдан кейін қайта толған Сарыбұлақ өзенінен Бурабай көліне тұщы су ағып, шабақ тектес балық қаптап кеткен.

Мират Бейсембаев, «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің өкілі:

– Балықтар көп шоғырланған жерде майда шабақтар өліп қалады. Бұл табиғи сұрыптау. Ешқандай қауіп жоқ. Зертханалық зерттеу жүргізу үшін су мен балықтан сынама алынды. Балықтың жаппай қырылуының нақты себебі зертхана сараптамасының нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы