420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда фарминдустрия көлемі 2 есеге артады

  • 76
  • UPD: 15:10, 15.09.2020
Қазақстанда фарминдустрия көлемі 2 есеге артады

Қазақстанда фармацевтика саласындағы өндіріс көлемі мен дәрі-дәрмек экспортын екі есеге ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. Жоба бес жылға есептелген. Елімізде барлығы 33 фармацевтикалық өндіріс жұмыс істейді. Олар дәрі-дәрмектің 900-ден астам түрін шығарады. Коронавирус басталғаннан бері жеке қорғаныш құралдарын шығару көлемі 10 есе өсті. Бір реттік медициналық маскалар мен қорғаныш костюмдерін шығаратын кәсіпорындардың қуатын арттыру жоспарлануда. Соңғылары қазір айына 500 мың данаға дейін шығарады. Келесі жылдың бірінші тоқсанында өндіріс көлемі миллионға дейін өсуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы